Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді-мекен тұрғындарын қолдау мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен өзге де мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударатын болды, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгінде ШҚО-ның Аягөз, Глубокое аудандарының кейбір елді мекендерін су басып, Семей қаласында Ертіс өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты қауіп сейілмей тұр.
Мұндай жағдайды батысқазақстандықтар 2011 жылы бастан өткерген болатын. Биыл да қауіптің бар екені ескертілді. Облыс әкімі Алтай Көлгінов 25 наурызда штабтың шұғыл жиынын өткізіп, күшейтілген режимдегі жұмысқа көшкенін мәлімдеген болатын.
zhaikpress.kz