Оралдағы 5-шағын ауданға ақын, Қазақстан халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлидің есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жөнінде ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысы шықты.
Сонымен қатар осы шағын аудандағы жаңа алаң Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті алаңы болып аталатын болды. Тағы екі шағын аудан «Көкжиек» пен «Сарыарқа», ремзавод ауданындағы сквер «Чернобыль» апатының салдарын жоюшылар» атауын алды.
Оған қоса қаладағы 83 көшеге танымал тұлғалардың есімдері мен үйлесімді атаулар берілді.
«Енді республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде алдағы мамыр айында өтетін сессияда қала әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі қабылданады», деп хабарлады басқармадан.
zhaikpress.kz