28.04.2018, 17:04
Оқылды: 58

Теректіде қатты жел сауда орталығының шатырын ұшырды

 

IMG_0002Бүгін Теректі ауданының орталығы Федоров ауылындағы «Димар» сауда орталығының шатыры дауылға шыдас бермеді.

Юбилейный көшесіндегі сауда орталығында жеке кәсіпкерлерден бөлек, дәріхана да орналасқан.  Оқиға сағат 16:00 шамасында болған.

Шатыр құлаған кезде ішінде де, жуық маңда да тұрғындар болмаған. Қазір сауда үйінің маңы қоршалған. Аудандық ішкі істер бөлімі және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері жұмыстарына кірісті.

Сауда орталығының маңынан көлік және адамның жүруіне тыйым салынды. Аталмыш оқиға орын алмас бұрын тұрғындарға қатты дауыл болатындығы ескертілген. Бұл жөнінде аудандық әкім аппаратының төтенше жағдайлар бойынша инспекторы Бақытжан Исхожин мәлімдеді.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале