1.05.2018, 15:08
Оқылды: 68

Оралда 1 мамыр мейрамы аталып өтті

Темирболат Токмамбетов08Оралда 1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі  күніне арналған мерекелік шара өтті. Мейрам Абай атындағы алаңда өңір ұжымдарының дәстүрлі шеруімен басталды. Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Шеруді облыстық ассамблеяның өкілдері бастап шықты. Айта кетейік, аталған азаматтар - Астана қаласында өткен Ассамблеяның  26-сессиясының делегаттары. Одан кейін алаңнан облыстық "Нұр Отан"партиясының өкілдері, жасотандықтар, "Приуралье", "Орал өңірі" газеттері ұжымы жүріп өтті.

Сонымен қатар мерекелік шарадан өңірдің еңбек ұжымдары, облыстық басқарма мен департаменттер, білім беру саласы, денсаулық саласы ұжымдары, мәдениет қызметкерлері т.б. табылды.

- Баршаңызды халықтар  достығы мейрамымен  құттықтаймын. Бұл -ынтымақты, достықты көрсететін жалпыхалықтық мереке. Бүгін қаншама ұжым, жергілікті халық осы алаңда жиналып отырмыз. Еліміз 26 жыл ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Соның ең маңызды кілті -  бірлік пен береке. Күні кеше өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Елбасымыз ел бірлігі жарасқан ел ғана табысты болатынын атап өтті. Сондықтан әрқайсысымыз біріге еңбек етейік. Осы күнді пайдалана отырып дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтау сөзінде.

Бұл күні облыс өнерпаздары жергілікті халық пен қала қонақтарына арнап концерттік бағдарлама мен театрландырылған көрініс ұсынды.

Галина Самойлова
zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

Темирболат Токмамбетов12 Темирболат Токмамбетов09 Темирболат Токмамбетов10 Темирболат Токмамбетов05

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале