10.05.2018, 15:08
Оқылды: 43

Ақжайықта Жеңіс сарбазына қошемет көрсетті

DSC_0051Бүгін Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінде өткен салтанат Ұлы Жеңіс сарбазы, ішкі істер қызметіндегі еңбегі республикаға мәлім, Ақжайық ауданының Құрметті азаматы  Қаби Сәрсенғалиевқа ғимарат қабырғасында естелік тақтаның ашылуына арналды.

Осында жиналғандар, олардың арасында ардагердің қатары қалың шәкірттері де бар, Ұлы Отан соғысы кезінде 5-Гвардиялық танк әскерінің құрамында барлаушы болған, Жеңістен кейін әскери қызметін Германия, Польша, Белоруссияда және Москвада жалғастырған, кейін 35 жыл, яғни Оралда, сондай-ақ Орда, Теректі, Бөрлі, Қаратөбе, Чапаев (қазіргі Ақжайық) аудандары ішкі істер бөлімдерінде, оның ішінде Чапаевтағы осы бөлімді 14 жыл басқарған Қади Сәрсенғалиұлының рухына тағзым етті.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов, облыстық ІІБ-нің және «Ұлттық Ұлан» ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайлыбай Адаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Мейрам Шотанов, Ақжайық ІІБ басшысы Бекбол Ортаев, Қаби ағаның зайыбы Науша апа, ұлы Қанат сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале