30.05.2018, 11:36
Оқылды: 52

Қаратөбелік 4 отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды

Қаратөбеде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Ел мерейін асқақтатар ұлттық жоба Елбасының қолдауымен қолға алынған болатын. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Байқау аудандық ішкі саясат бөлімнің қолдауымен, «Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін байқаудың аудандық кезеңіне ауылдық округтерден 8 отбасы қатысуға ниет білдірген. Арнайы комиссия мүшелерінің шешімімен үздік деп танылған төрт отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

Байқаудың аудандық кезеңіне Сулыкөл ауылдық округінен Қуанышкереевтер, Аққозыдан Байденовтер, Саралжыннан Аманқұловтар,  Қоскөл ауылдық округінен Жанахметовтер, Қаракөлден Нұғмановтар, Қаратөбе ауылынан Тіналиевтер, Егіндікөлден Нұғмановтар, Жусандыой ауылдық округінен Қазиевтер отбасы қатысты.

Байқауға қатысушыларға аудан әкімі Жанат Асантаевтың алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды.

Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған шарада аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары Нұрбек Орынғалиев «Анаға сәлем», Қарашаш Қойшиева, Гүлнара Далабаева «Бейбітшілік» күйін, Рүстем Ақташев «Ару ана», Сәнжан Байтеміров «Әке-ана» әндерін шырқап, көрермен ықыласына бөленді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале