AQJAIYQ телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» облыстың ішкі туризміне қатысты көрермен сұрағына жауап берген Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов осылай деді.
-Шалқар көлі – табиғат берген байлығымыз. Емдік қасиеті бар көлге тұрғындарымыз өте көп барады. Шалқарға жол салынды. Шалқар жағасында бизнеске қолайлы жағдай жасалды. Қалғаны үкіметтік-жеке серіктестік аясында жасалуы керек. Әрине, өзімізді Түркиямен салыстыра алмаспыз, ол жерде жаздың ұзақтығы да бөлек. Алайда өз климатымызға сәйкес демалыс орындарын салуға болады. Себебі Шалқарға көрші облыстардан, Ресейден келеді. Бизнесмендерден жақсы ұсыныс болса, қолдауға әзірміз. Қазір Шалқарға көбі бір күнге келеді де, жағаны қоқыспен ластап кете барады. Артын біреулер жинап жүреді. Ол жердегі демалыс мәдениетін көтеру қажет. Ал шағын бизнеске көмектесеміз. Мемлекет инфрақұрылымды жеткізіп берді. Ол жерге бес жұлдызды қонақ үй керек емес, сол жердің бағасына лайық демалысты ұйымдастыру қажет. Халыққа көрсететін қызметті жақсарту керек. Дұрыс тамақтанатын, спортпен шұғылданатын, демалатын орындар талапқа сай болса дейміз,-деді Алтай Сейдірұлы.
Нұрлыбек Рахманов,
zhaikpress.kz
Фото Александр Куприенко