6.06.2018, 0:07
Оқылды: 69

Оралдың жаңа алаңында мәдениет сарайы салынады (ФОТО)

Бұл жайлы AQJAIYQ телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов айтты.

-Оралда үлкен мәдениет үйі жоқ. Халық өнерді жақсы көреді, ал үлкен концерттерде орын таппай жатады. Алдымен «Зениттің» ескі мәдениет үйін жөндейік дедік. Кейін ескіні жөндеуге үлкен қаражат жұмсағанша жаңа мәдениет орнын салайық деген шешім қабылдадық. Кеше ғана "Тұңғыш Президент алаңы" атауы берілген алаңға салынады. Ол жерде Қадыр орталығы, Салтанат сарайы, Достық үйі, мемлекеттік рәміздеріміз бар. Жаңа мәдениет сарайының құрылысы биыл күзде басталып, екі жыл салынады. Заман талабына сай, кез келген мәдени шараны жоғары дәрежеде өткізетін сәулетті сарай болады,-деді облыс әкімі.

Тікелей эфирде өткен «Әкім сағатына» тұрғындардан барлығы 287 сұрақ түсті. Барлық сұраққа әкімнің баспасөз қызметі арқылы жауап берілетін болады.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

v3_04 v3_05 v3_06 v3_07 v3_08 dom-kulturi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале