Бұл туралы аудан әкімі Асхат Шахаров Қаратөбе аудандық мәслихаты депутаттарының алдында берген жартыжылдық есебінде баян етті.
Қаратөбе ауданында кәсіпкерлік саласы бойынша 13 заңды және 575 жеке, барлығы - 588 тұлға тіркелген, онда жұмыс жасап тұрғаны – 452.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кәсіпкер С.Ашығалиев 10 млн. 955 мың теңге көлемінде несие алып, «ДЕМ» алкогольсіз сусындар өндіру цехын іске қосып, 3 жаңа жұмыс орнын ашты.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін бөлінген мемлекеттік гранттарды иеленуге аудан бойынша 5 жеке кәсіпкер ниет білдіріп, олардың құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, жеке кәсіпкер О.Хасинов ағаш өңдеу цехын ашу үшін 1 млн. 164 мың теңге көлемінде, жеке кәсіпкер А.Шурина тоқыма өнімдерін өндіру цехын ашу үшін 988 мың теңге көлемінде грантқа ие болды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша қайтарым негізінде 10 млн. теңгеге «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаражат бөліп, 4 адамның құжаттары несие алуға жолдама алды. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер Н.Ақылбаев наубайхана ісін ашуға 3,0 млн. теңге несие алып, наубайхана ашып өз өнімін өндіруде, екі жұмыс орны ашылды. Сол сияқты Қаратөбе ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Р.Имашев 1 млн. теңге несие алып, пластик терезе жасаумен айналысуда, екі жұмыс орны ашылды. Шөптікөл ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер М.Мәжитов 3 млн. теңге несие алып наубайханасын ашып, асхана ашуға құрал-жабдықтарын алып, ғимаратын әзірлеу үстінде.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі 2014 жылы 536,4 млн.теңге құраса, 2015 жылы 613,1 млн. теңгені құрады.
Түскен салық көлемі 2014 жылы 10,8 млн.теңге болса, 2015 жылы 35,8 млн. теңгені құрап, өсім бар екені байқалады.
Нұрлан МЕҢДЕШОВ
«Қаратөбе өңірі»