7.08.2018, 17:22
Оқылды: 73

Қазталовта қуыршақ театры ашылды


«Қуантсаң, баланы қуант» деген. Қазталовтың балғындардың қуанышы еселене түсті. Аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан қуыршақ театры ашылды.


қуыршақ театры (2)

Аудан орталығында алғаш ашылған қуыршақ театрының сахнасы Қошанкөл мәдениет үйінде «Үш торай» халық ертегісімен түрілді. Округ орталығының және «Алау» жазғы демалыс лагерінде демалып жатқан тынығушы жасөспірімдер театр өнерпаздарының қойылымдарын тамашалады.

Айта кетейік, ертегінің қоюшы  режиссері Балғаным Губашева. Рөлдерді Мерлан Нұролла, Таусих Тақаев, Оралхан Ерғалиев, Қайрат Абдулов сомдады.

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

қуыршақ театры (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале