24.08.2018, 16:15
Оқылды: 62

Тасқалада ғимараттардағы пандустар талапқа сай емес  

 

Taskala pandus (1)Тасқалада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған аудандық комиссия мүшелері рейд жүргізді.


 

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы асында ұйымдастырылған тексеріс барысында комиссия мүшелері аудан орталығындағы бірнеше ғимаратқа барып, пандустардың белгіленген талаптарға сәйкестілігін тексерді.

-Жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қамтамасыз ету, олардың өмір сүру сапасын көтеру, тұрмыс-тіршілігін жақсарту, жеңілдету. Ауданда арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандардың саны - 42. Біз тексеріс жүргізген ғимараттардың көпшілігінде Taskala pandusпандус талапқа сай келмейді, зағип, құлағының мүкісі бар тұрғындарға арналған қызмет көрсету жүйесі де жұмыс жасап тұрған жоқ. Мекеме басшыларына ескерту жасап, мерзімді күн белгіледік, - дейді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез.

Еске сала кетсек, стандартқа сай пандустың жалпы ені 100 см, биіктігі 70 немесе 90 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы шарт. Ішке кіретін есіктің ені 90 сантиметрден кем болмауы қажет. Еденде таймайтын материал төселуі тиіс. Пандус метр сайын 12 сантимерге ғана биіктеуі керек. Есіктің жанында  90 см - 110 см биіктік аралығында шақырту түймесі, әйнек есік болса, 165-170 см биіктікте сары түсті шеңбер жапсырылуы қажет.

Динара НАСЫР

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале