2017 жылдың 1 наурызы күні қайта салынуға жабылған Депо көпірінің құрылысы 2 жылға жоспарланғанымен, тұрғындар игілігіне ерте берілмек. 7 қыркүйек "Қала күні" мерекесінде ашылатын жаңа көпір халық үшін жайлы болмақ.
Айта кетейік, көпір 1965 жылы салынған. Осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Ұзындығы – 536 метр. Бұрын ені 8 метр, екі жолақты ғана болса, енді 4 жолаққа дейін кеңейтіліп 19 метрге ұзарды. Екеуі жаяу жүргіншілерге арналған жол.
Жұмысты «ҚПО б.в» компаниясы қаржыландырып, «КА- Строй ЛТД» ЖШС құрылыс жүргізді.
Zhaikpress.kz