6.09.2018, 11:32
Оқылды: 55

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев облыс активімен кездесті

Бүгін облысымызға арнайы сапармен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары  Мәулен Әшімбаев облыстық мәслихаттың үлкен залында партияның облыстық активімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Темирболат Токмамбетов4

Бас қосуды ашқан облыс әкімі биылғы 1 маусымда өткен партияның саяси кеңесінде Елбасы, партия төрағасының партия қызметін жаңғырту аясында 20-дан астам жобаны жүзеге асыруды тапсырғанын айтты. Осы орайда партияның облыстық филиалымен ауқымды жұмыстар атқаруда.

-Нәтижесінде ауыл-аймақтарда жаңашыл бағыттағы қворкинг орталықтар ашылып, кітапханалардың жұмыстары жанданды, заман талаптарына сай қайта түледі. 8 IT сыныптар ашылып, мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғыру, ауылдық жерлерде ағылшын тілін үйрену үшін қолайлы орта қалыптастыру сияқты нақты жобаларымыз бар. Бастауыш партия ұйымдарына ерекше назар аударылып, олардың жұмысына қолдау көрсетіліп, оларға жүктеліп отырған нақты жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік берілді. Облысымызда партиялық кадрлар резервін белсенді саяси мемлекеттік және әкімшілік лауазымдарды ұсыну жұмыстары, меритократия принципінде қабілеттілігіне және іскерлігіне сай сайланбалы органдарға іріктеу жұмыстары жүргізіліп келеді, - деді Алтай Көлгінов.

Жиында сөз алған Мәулен Әшімбаев БҚО-да барлық сала бойынша қарқынды даму бар екендігін, соның ішінде маңызды мембағдарламалардың табысты жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша да біраз жұмыстар атқарылғанын, сол шаруалардың басы-қасында партия мүшелерінің жүргенін айтқан партия төрағасының бірінші орынбасары биылғы маусымдағы партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасының айқындап берген жаңа міндеттерді және оларды орындаудың тиімді тетіктерін жан-жақты  саралады.

Оның айтуынша, саяси кеңес отырысында партияны жүйелі жаңғырту, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу мәселелері қарастырылған.

-Елбасы партия қызметін жаңғырту аясында атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, «Нұр Отан» - елдің өсіп-өркендеуіне жұмыс істейтін нақты істердің партиясына айналды» деп атап өтті. Сондай-ақ Елбасы барлық партиялық бастамаларды мақұлдап, оларды уақытылы әрі тиімді ұйымдастыру үшін партиямен бірге  әкімдерге де нақты тапсырмалар берді. Осылайша партия төрағасы бізге сенім артып, үлкен жауапкершілік жүктеп отыр», - деді М.Әшімбаев. Сондықтан партияның орталық аппараты және өңірлердегі партия филиалдары 5 бағыт бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастырып, нақты шараларды жүзеге асырады.

Темирболат Токмамбетов5

Басқосуда партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Сүлеймен партияның қызметін жаңғырту  аясында «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаалрын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталаған жаңа партиялық жобалардың іске асырылуы жайын баяндады. Сондай-ақ жиында Қазталов аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Абат Шыныбеков, «Нұр Отан» партяисының саяси кеңесінің мүшесі, «Отделстрой» компаниясының директоры Валентина Михно сөз алып, париялық жобалардың жүзеге асырылуы, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу мәселелері жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале