12.09.2018, 14:30
Оқылды: 61

БҚО-да 275 көшенің атауы өзгерді

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, соның ішінде 83-і - Орал қаласының үлесінде.

koshe2

            «Биыл БҚО әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссияның үш отырысы және республикалық ономастика комиссиясының қорытындылары бойынша 10 аудан (Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Қазталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары) және Орал қаласының 275 көшесіне,14 шағын ауданға, 6 елді мекенге, 2 скверге, 1 алаңға атау беру немесе қайта атау бойынша оң қорытынды берілді.

            Оған қоса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 шілдедегі №413 қаулысымен Тасқала ауданының 8 білім беру ұйымы қайта аталды. Сырым, Қазталов және Шыңғырлау аудандарындағы жаңадан бой көтерген шағын аудандардағы көшелер «Астана», «Астанаға - 20 жыл» атауларын иеленді», - деді Айгүл Әділгерейқызы.

            Айта кетейік, өткен жылы облыстық ономастикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының идеологиялық тұрғыдан ескірген немесе жаңадан бой көтерген 127 көшесіне, 1 шағын ауданға  және 4 елді мекенге «Мәңгілік ел» идеясына сай келетін атаулар берілген болатын.

             Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы №368 қаулысымен М. Ықсановтың есімі Жәнібек колледжіне берілсе, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №838 қаулысымен облыстық қазақ драма театрына Хадиша Бөкееваның, облыстық мәдениет және өнер орталығына Қадыр Мырза Әлидің, Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне Мұқадес Есламғалиұлының және Оралдағы №30 жалпы орта мектепке Хиуаз Доспанованың есімдері берілді.

Елжан ЕРАЛЫ,

Zhaikpress.kz

koshe

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале