26.09.2018, 11:00
Оқылды: 92

Қазталовта жас отбасылармен кездесу өтті

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында ауыл күні мерекесі қарсаңында мәдениет үйінде ұлағатты ұстаз Баян Құбайқызының және «Шапағат» әжелер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен жас отбасылармен кездесу өтті.

Бұл шараға Данияр Мусаев, Асылжан Ғилымов, Аслан Ғиниятовтың шаңырағы келді.
IMG_0031
Кездесуді «Шапағат» әжелер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Баян Қабиева ашып, үлгілі отбасы болудың қыры мен сыры туралы жас отбасыларды отбасы құндылықтарын құрметтеуге шақырды. Жалпы шараның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, жастарға үлгі көрсету, отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

-«Отан — отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған, адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасында қалыптасып, үлкен өмірге де осы шаңырақтан қанаттанады. Жас отбасы ретінде ақыл кеңесімізді айта отырып, салт-дәстүрімізді насихаттау. Қадамдарың құтты болсын, Бақытты шаңырақ иесі болыңыздар,- деген ақжарма тілегін айтты Баян Қабиева. Мұнан кейін әжелер «Отан – отбасыдан» басталатынын айта келіп, бақыттың кілті өздерінің қолдарында екенін жеткізіп, ой пікірлерімен бөлісті.

Кездесуде жас отбасыларда кездесу ұйымдастырған әжелерге рахмет жаудырып, алғыс айтты. Кездесу соңында «Шапағат» әжелер бірлестігі жас отбасыларға естелік сыйлықтар тарту етіп, бата берді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Қазталов ауданы

IMG_0033 IMG_0044 IMG_0047

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале