22.10.2018, 17:58
Оқылды: 36

Жер қатынастары саласы сандық жүйеге қарқынды көшуде

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауының «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» атты 4-ші бағытында Елбасы Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуде Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі екендігіне тоқталып шықты.

Gears-iStock_000026006716XLarge

Осыған байланысты Елбасы Жолдауында жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырып, осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты пайдаланушыларға және инвесторларға беру керектігін атап өтті.

Өз кезегінде, облыстық жер қатынастары басқармасы Орал қаласының және аудандардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысында жер қатынастары саласын цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Атап көрсетілген бағдарламаны іске асыру аясында өңірде келесідей жұмыстар жүргізілді:

2017 жылдың маусымынан бастап Орал қаласы әкімдігінде «Қолжетімді әкімдік» – мемлекеттік қызметтерді көрсетуге және құжаттарды қабылдау мен өңдеуге арналған орталық жұмыс істейді. «SMART Орал» көп функционалды қызмет көрсету орталығы ашылды, онда 640 қызмет түрі ұсынылады.

Ағымдағы жылдан бастап www.zem.kz электрондық порталы жұмыс істеуде, бұл порталдың жұмысы жер қатынастары органдарының құжат айналымын цифрлық оңтайландыру жолымен қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Порталда мүдделі тұлғалардың 12 аудан және Орал қаласы конкурс және аукцион арқылы берілуі жоспарланған жер учаскелерінің схемалары, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін кезекте  тұрғандар және ықылассыз жер пайдаланушылар тізімін қарау мүмкіндігі бар. Азаматтар мен заңды тұлғалар сауда-саттығына қойылған ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттардағы бос жер учаскелері туралы ақпаратты қарай алады.

Порталдағы қолжетімді ақпарат тұрақты түрде жаңартылады.

2018 жылдың 9 айы бойынша барлығы 15 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалар электрондық порталға кіріп, қажетті ақпараттар алды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 қазанында электрондық порталда Ақжайық ауданы бойынша алғаш рет республика төңірегінде ағылшын тәсілімен коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне жалдау құқықығын электрондық аукцион арқылы сату өткізілді.

Алдағы уақытта аталған портал арқылы облыс бойынша жер сауда-саттығын өткізу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, 2018 жылдың наурыз айында Орал қаласы әкімдігімен уәкілетті органдарға жер учаскесін таңдау актісін келісу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін www.easy.zko.org.kz порталы жасақталып, іске қосылды, бұл келісу мерзімдерін 2-3 айдан 5-10 күнге дейін қысқартуға ықпал етті. Нәтижесінде, өтініш берушінің 20-дан аса келісуші ұйымдармен тікелей байланысы алып тасталып, жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылды.

Дияр Сұлтанғалиев,

БҚО жер қатынастары басқармасының бас маманы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале