Қазталов ауданы Жалпақтал балалар өнер мектебінің шәкірттері республикалық байқаудан бас жүлдені жеңіп алды.
Орал шаһарында «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Ақжелең» өнер мен білім байқауында өнер мектебі айтарлықтай жетістікке жетті. Терме жанры бойынша білім беру саласының үздігі Баян Қабиева мен Асылхан Бултановтың шәкірттері «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің кіші тобы, Венера Асқарова, Сымбат Ниғметуллина, Айару Хамзина бас жүлдені қанжығаларына байлап, Алматы қаласына жолдама алса, Аружан Ниетқали мен Қарақат Серікова бірінші орын алды. Ал Ахмет Ескендіровтың шәкірті Бекнұр Қабиден домбыра жанры бойынша бас жүлдеге ие болды. Гүлнар Абдрахманова тәрбиелеген Айна Тұрдалиева мен Асылжан Асқаров вокал жанры бойынша бірінші орыннан көрінді.
Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!