27.11.2018, 16:01
Оқылды: 109

Қызылоба ауылы тұрғындарына 601 250 теңге айыппұл салынған

Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторының есеп беру жиналысы өтті. Жиында учаскелік полиция инспекторы Нұрғиса Дүйсенғалиевтың есептік баяндамасы тыңдалды.

 жанакала (1)

-2018 жылдың 10 айында округ бойынша барлығы 18 қылмыс тіркеліп, 115 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде қоғамдық орында ішімдік ішкен күйде жүргені үшін – 27, белгіленбеген жерге темекі шеккені үшін – 13, қоғамдық орынға қоқыс қалдығын лақтырғаны үшін – 8, балық аулау ережесін бұзған үшін – 6, басқа да түрлі баптар бойынша хаттамалар толтырылды. Нәтижесінде салынған айыппұл 601 250 теңге. Округ бойынша профилактикалық есепте ішімдікке салынған 8 адам, пробация есебінде 6 адам бар,-деген Н.Дүйсенғалиев профилактикалық жұмыстар барысында туындаған проблемаларға тоқталып, ірі қара малын бағу жұмысы ұйымдастырылмай отырғанын айтты.

         Жиналыста зейнеткер Табылды Масатов Көшім өзенінің су деңгейі төмендеп бара жатқанын айтса, Кеңес Қадыралиев учаскелік полицияға қыс мезгілінде түнгі уақытта даланы шолып, мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді.

         Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ө.Әбуғалиев сөз алып, учаскелік полицияның жұмысына оң баға берді. Жиынды аудан әкімі Н.Қадырбайұлы қорытындылады.

          Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале