5.12.2018, 16:12
Оқылды: 50

Зеленовтық өрен Астанадан жүлдемен оралды

Елорда төрінде өткен жас дарындар арасындағы халықаралық «Таңғы шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалінен зеленовтық өрен жүлдемен оралды.

тан

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында республикалық Оқушылар сарайында өткен фестиваль «Қазақстан, мен сені жақсы көремін!» деп аталды.

Аталмыш фестивальге қатысқан аудандық балалар саз мектебінің оқушысы Нарлан Сұрықбаев (жетекшісі Бибігүл Өтежанқызы) «Скрипка» аталымы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, олжалы оралды.

- Ауданға қарасты Зеленый ауылында тұратын Нарлан саз мектебіне 12 шақырым жерден қатынап оқиды. Нарланның музыкаға деген қабілеті жақсы. Шәкіртімнің болашағынан үлкен үміт күтемін. Нарланның фестивальге қатысуына қолдау көрсеткен ата-анасына алғысым шексіз, - дейді жетекшісі Бибігүл Өтежанқызы.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале