21.12.2018, 17:37
Оқылды: 63

Сайқұдыққа құбырмен ауыз су жетті (СУРЕТ)

Жыл басынан бері Ақжайық ауданының 7 ауылында таза ауыз су мәселесі шешімін тапты. Бүгін Құрайлысай ауылдық округіндегі Сайқұдықта жаңа су жүйесі іске қосылды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Құрайлысайдың орталығы – Жұбан ауылына Теректі ауданының «Жаман» күтірінен 25 шақырымдық су құбыры тартылған болатын. Ал 30 шақырым жердегі Сайқұдыққа ауыз су тасымалы ұйымдастырылып келді. Мұндай амалдың қолайсыздығы,  күрделілігі аз болмайтыны мәлім. Енді 115 тұрғын үйі бар бұл ауыл үшін Жұбаннан құбыр тартылып, ауыл ішіне де желі салынды.

Су құбырын пайдалануға беру салтанаты өтіп, сайқұдықтықтарды аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов құттықтап, жаңа жыл алдындағы қуанышпен бөлісті. Сондай-ақ ауылдықтарға бас мердігер «Жиенбай» ЖШС-нің директоры Александр Қарағойшин игі тілегін арнады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

DSC_0026 DSC_0047 DSC_0054 DSC_0013

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале