Батыс Қазақстанның жауһары саналатын Шалқар көлінің жағасындағы Сарыөмір ауылында 48 орындық сауықтыру лагерінің құрылысы жалғасуда.
- Облыстағы 57 қосымша білім беру мекемесі оқушылардың 53,1 пайызын қамтыса, мектептердегі түрлі шығармашылық үйірмелерге оқушылардың 36,8 % қатысады. Ал қосымша білім берудің туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркем, техникалық, эстетикалық, қолөнер түрлерімен облыс оқушыларының 90%-ы қамтылған. Облыс мектептерінде түрлі бағыттағы спорттық секцияларға оқушылардың 43,5%-ы қатысады, - деген сандық деректер келтірді білім басқармасының басшысы.
Нұрлыбек Рахманов,
суретке түсірген Медет Досымов
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер