11.02.2019, 11:36
Оқылды: 56

Қазталовтық балықшылар сайысқа түсті (СУРЕТ)

Қазталов аудандық балалар және жасөспірімдер туризмі орталығы мен «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен Қазталов ауданы орталығы Қазталовта қысқы балық аулау жарысынан «Күміс шабақ – 2019» жарысы ұйымдастырылды.

 kumis shabaq1 (3)

         Қазталов ауылынан 3 шақырым жердегі Сарыөзенде өткен қысқы балық аулау сайысына Қазталов, Жалпақтал, Қайыңды, Бостандық, Тереңкөл, Бірік ауылынан келген 35 балықшы қатысты.

         Жарыстың ашылуында «Айбын» спорт клубының директоры Берік Рахымғалиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Балық аулайтын құралдарын сақадай сай дайындап келген балықшылар ойық ойып, балық аулауға кірісті.

          Мұз үстінде олардың шыдамдылығы мен шеберлігі сынға түсіп, 3 сағатқа созылған байқау қызықты өтті. Нәтижесінде қазталовтық Амангелді Есенғалиев ІІІ орынға, жүлделі ІІ орынға Телман Малаев ие болды. Ал 17 келі балық аулап, барлық қатысушылардан озып шыққан Жалпақтал ауылының тұрғыны Дәулет Айтжанов І орынды жеңіп алды. Ал «Ең үлкен балық» аталымына Болат Айдынғалиев, «Ең бірінші балық» аталымына Асылбек Газиуллин, «Жас спортшы» аталымына Сұлтанбек Газиуллин ие болса, «Ардагер спортшы» аталымымен Қайыңдыдан келген 66 жастағы Нариман Сариев марапатталды.

kumis shabaq (1) kumis shabaq (2) kumis shabaq (4) kumis shabaq (5) kumis shabaq1 (1) kumis shabaq1 (4) kumis shabaq1 (5)

Қайрат Жақып,

Қазталов ауданы

 

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале