25.02.2019, 18:35
Оқылды: 49

Оралда «My robot» облыстық байқауы өтті

Білімділер додасына 77 команда, 133 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты өңірдің білім беру ұйымдарында «Роботты техника» курсын оқытудың жүзеге асырылуын бақылап, дарынды балалардың шығармашылық ортасын қалыптастыру еді.

 DSC_0323

Байқау сызық бойымен жүру, кегельринг, кегельринг-квадро, сумо, «Smart City» шығармашылық сынды 5 категория бойынша өткізілді.

Шараның басты демеушілері «BilimMediaGroup», «SITCEN» ЖШС, «TORUS.KZ» ЖШС, «АксайГазСервис» АҚ, «AVENCOM» ЖШС, «IT GROUP» ЖШС, «STEM Academia» ЖШС қымбат гаджеттерді жүлде қорына алып берсе, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ бір тегін грант бөлді. Облыстық байқау барлық аудан мен қала мектептері үшін онлайн режимде жүргізілді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды сызық бойымен жүру, кегельринг-квадро, сумо категориялары бойынша Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы, №1 Подстепный мектебінің оқушылары, кегельринг категориясынан тасқалалық Сәулет мектеп лицейінің оқушылары қанжығаларына байлады. Жүлдегер әр оқушыға BilimBook компьютер трансформерлары берілді. Ал шығармашылық категориясы бойынша Теректілік Х.Есенжанов атындағы мектептің оқушылары оқ бойы озық шығып, BenQ проекторы, +Arduino роботы, LEGO дизайн роботты жиынтығын (Mindstorms LEGO) ұтып алды. Жәңгірхан атындағы БҚАТУ ұсынған білім грантын Теректі ауданындағы Х.Есенжанов мектебінің 10-сынып оқушысы Балауса Сапарбай жеңіп алды. Шара соңында білім басқармасы басшысының атынан демеушілерге алғыс хат табысталды.

DSC_0578

Үміт Жәңгірова,

БҚО білім басқармасының

баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале