27.03.2019, 12:01
Оқылды: 21

Жәнібектік жас футболшылар жүлделі оралды

Ресей Федерациясының Палласовка ауданында 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан өткен матчтық кездесуге қатысқан  Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері екінші орынға ие болды.

Zhanibek futbol (1)

Сонымен қатар «Үздік сұрмерген» және «Үздік қақпашы» аталымдарымен Алижан Сырым мен Қайсар Қамит марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Спортшылардың аталған жарысқа қатысуы үшін жеогілікті кәсіпкерлер Жандос Уәлиев пен Дастан Әбдірешевтердің демеушілік көмек жасағанын айта кеткен абзал.

Zhanibek futbol (2)

Г.МӘДИ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале