Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов шаһардағы тұрғын үй құрылысының жұмысын тексерді. Құрылыс алаңында болған облыс әкімі өңірдегі салынып жатқан тұрғын үйлер мұқтаж азаматтарға салынып жатқанын атап өтіп, құрылыс сапасы мен мерзімдерін сақтауды тапсырды.
Бүгінгі күні облыс орталығының солтүстік-шығыс бөлігінде 600 пәтерден астам 4 көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қарқынды салынуда.
Сондай-ақ, облыс әкімі Скоробогатов көшесінде апатты үйдің орнына 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.
Айта кету керек, Елбасы қабылдаған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 21 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде.