8.04.2019, 10:23
Оқылды: 61

10 сәуір заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу акциясы басталады

Дәстүрлі акцияға байланысты Ақжайық ауданында да тұрғындармен түсінік жұмыстары жүргізілуде.

 охотничьи ружья

         Сыйақы мөлшері полиция бөлімінде құрылған комиссия шешімімен анықталады. Оны белгілеу кезінде қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйі, жарамдылығы ескеріледі. Қару атуға жарамды болса, төлем ұсынылатын құнының 100 пайызы, ал жарамсыз болған жағдайда 70 немесе 30 пайызы есебінде жүргізіледі. Мысалы, жарамды аңшы мылтығы 75 000-нан астам теңгеге, оның мәселен 70 пайыз жарамдылығы 53 625 теңгеге бағаланады.

         –Тұрғындар қару-жарақты аудандық полиция бөліміне немесе өз аймақтарында қызмет атқаратын полицияның инспекторлары арқылы тапсыра алады. Өз еркімен тапсырған қару иелері оны осы кезге дейін заңсыз сақтап келгені үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады, -дейді әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Аман Әлмұханов.

         Былтыр акция барысында Чапаевтан 3, Тайпақ ауылынан 5 аңшы мылтығы тапсырылған-ды. Айта кетейік, 2014 жыл Жаңабұлақ ауылының бір тұрғынынан азамат соғысы кезіндегі 21 снаряд (оның 13-і жарылғыш қуатында болды) қабылданды. 2016 жылы Чапаев тұрғыны осындай 1 снаряд тапсырды.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале