12.04.2019, 11:34
Оқылды: 46

Оралда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

12 сəуір - халықаралық ғарышкерлер күні жəне Қазақстанның ғылыми қызметкерлері күніне байланысты Орал қаласында «Инженерлік ғылым, жастар жəне ғарыш - Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық байланыстардың инновациялық дамуының негізгі факторы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция басталды.

 111

         Конференцияны ҚР Білім жəне ғылым министрлігі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, облыс əкімдігі, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені бірлесіп ұйымдастыруда. ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Əйтімов шараны ашып, қазақстандық жəне ресейлік ғалымдарды таныстырды.

         - Ғылыми конференциялардан алған бай тəжірибені пайдаланып, жастарға жаңа технологияларды үйретуге болады. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаланы сананы жаңғырту жөнінде айтты. Тұңғыш Президент еліміздің түрлі саласында жаңа технологияларды енгізуді тапсырғаны мəлім. Ғарыш саласындағы жетістіктерді ұрпаққа үйрету аса маңызды, - деген облыс əкімінің орынбасары Ғали Есқалиев «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің студенті Арай Айтқалиеваға «Үздік студент» төсбелгісін табыстады.

         Конференцияның ашылуында  «КАТЭК» жобалық және инжинирингтік компаниясы» ЖШС бас директоры Құндыз Нупов, Ресейдің бас консулы Андрей Батманов, Ресей ғарыш федерациясы президентінің кеңесшісі, «ДельтаКосмос» МК-ның бас директоры Прохор Гудим, РФ Мемлекеттік думаның білім жəне ғылым комитеті жанындағы сараптама кеңесінің мүшесі, əлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Людмила Орлова сөйледі.

         Пленарлық мəжілісте «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені құрылтайшысы Ақсерік Əйтімов, Мəскеудегі «Дубна» мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Валерий Никулин, РҒА География институтының профессоры, география ғылымдарының докторы Борус Кочуров, Ресей білім академиясяның академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Фарах Сухейль баяндама жасады. Конференцияда екі жақты ғылыми байланысты арттыратын келіссөздерге қол қойылды.

         Түс қайта ғылыми секциялар отырысы өтеді. Ертең конференцияның қаулы-қарары қабылданбақ. Сонымен бірге Ресейдің жетекші ғалымдары шеберлік сағаттарын көрсетеді.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

12

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале