Рамазан айының құрметіне орай Сырым аудандық мешіті әлеуметтік жағдайы төмен 25 жанұяға бір айлық азық-түлік табыс етті, деп хабарлайды аудандық мешіттің бас имамы Әлішер Ералиев.
«Қайырымдылық керуені» акциясы аясындағы игі шара мешітте ұйымдастырылды. Халық арасындағы көмекке мұқтаж жанұялар арнайы шақырылып, азық-түліктері қолдарына табысталса, кейбір отбасылардың үйлеріне жеткізіліп берілді.
-Қайырымдылық тек Рамазан айында міндет емес. Жақсылық жасау, қайырымды болу – мұсылманның өмірлік міндеті. Біздің аудандағы тұрмысы нашар әр жанұяға көмектескіміз келеді,- дейді бас имам.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер