Бүгін П.Атоян атындағы стадионда Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Мерекелік кешке арнайы келген облыс әкімі Ғали Есқалиев қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.
- Бүгінгі Орал тамырын тереңге жайған, өзіндік дәстүріне сай өсіп-өркендеп келе жатқан көне шаһар.
Қаламызда мәдениет пен әдебиет, өнер мен өркениет қанат жайып, дамып келеді. Бүгін елі үшін ер болып туған қос арыс - Исатай мен Махамбет бабаларымызга арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Бұл бәріміз көптен күткен қуаныш. Ең басты байлық - қала тұрғындары. Мереке құтты болсын!- деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.
Қала күніне арналған шараға халық көп жиналды.
Мерекелік концертте белгілі эстрада жұлдыздары Нұржан Керменбаев, Камшат Жолдыбаева, ALAR тобы өнер көрсетті.
Гүлжамал Жолдығали
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz