13.09.2019, 16:45
Оқылды: 132

Көпжасарда амбулатория жаңартылды

Осыдан 30 жыл бұрын салынып, пайдалануға берілген Жаңақала ауданындағы Көпжасар ауылдық дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өтті.

IMG_2065

Биыл мекеме ғимаратын жөндеуден өткізуге облыстық қазынадан 68142241,44 теңге бөлініп, жұмысты Сәбит Бекқалиев басшылық жасайтын «Бекқалиев» жеке кәсіпкерлігінің құрылысшылары маусым айынан бастап қолға алды.

IMG_2110

Тозығы жеткен ғимарат қайта жаңарып, ақ халатты абзал жандардың алаңсыз жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызды.

Жаңартылған мекеме салтанатты түрде ашылды. Жиында Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин жергілікті халықты қуанышымен  құттықтады. Емханаға жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер Сәбит Рахметұлына алғыс хат табыстады.

IMG_2089

Мұнан соң Көпжасар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжан Салауатов нысанның жаңа сипатқа ие болуына мұрындық болған басшылыққа  және жөндеу жұмысын жүргізген мердігерге ауыл тұрғындарының атынан ризашылығын білдірді. Одан әрі мердігер Сәбит Рахметұлы құттықтауын жеткізді.

IMG_2083

Жиыннан соң қонақтар күрделі жөндеуден өткен ғимарат ішін аралады.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале