Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекенінде мемлекет және қоғам қайраткері Рахметолла Егізбаевтың 95 жылдығы аталып өтілді.
Атаулы күн қарсаңында фельдшерлік-акушерлік пункт күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан пайдалануға берілді.
Әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтау сөз сөйлеп, жөндеуге атсалысқан «БатысКотлоМонтаж» ЖШС-ның басшылығына алғыс білдірді.
Өз кезегінде Рахметолла Сүйіндікұлының қарындасы Айжан Егізбаева ауылының жылдан жылға көркейіп, дамып келе жатқанын айтып, мекемеге теледидар, кәсіпкер Шайхолла Дишенов дыбыс күшейткіш табыс етті.
Күрделі жөндеуден өткен нысанның лентасы қиылып, шашу шашылды.
Айта кету керек, бюджеттен 16 миллион теңгеге жуық ақша жұмсалып, құрылысқа аталған елді мекеннен екі тұрғын жұмысқа тартылды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер