4.10.2019, 17:14
Оқылды: 112

БҚО-да ұстаздар ұлықталды

Бүгін мұғалімдердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара «Ұстазға бас иемін» атауымен Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға өңірдегі білім беру саласының үздіктері мен ардагер ұстаздар қатысты.

 8499299c-fc7c-43aa-96d1-1870b32b0709

-«Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деген қастерлі өлең жолдарын жатқа білмейтін жан кемде-кем шығар. Тарыдай болып келген бүлдіршіндерді таудай етіп шығаратын ұлағатты ұстаздарымыз. Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толағай табыс тілеймін. Шәкірттеріңіз терең білімді, озық ойлы болсын,- деді ұстаздар қауымын құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев.

IMG-20191004-WA0129-800x533

Облысымыздың білім беру салаларында 195 03 ұстаз қызмет етіп, 106 535 оқушы білім алуда. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасап жүрген 11 мыңнан астам мұғалімге қосымша 30% үстем ақы төленуде. Жалпы білім беретін және арнайы мектептерінің 7 029 педагогикалық қызметкері аттестаттаудың жаңа моделі бойынша 30-50% аралығында үстеме ақы алуда.

ustazdar kuni (2)

Салтанатты шара барысында бірқатар ұстазға Алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды. Айта кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен Орал қаласындағы №35 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Зинаида Сухина мен Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласының №3 мектебінде қызмет ететін физика пәнінің мұғалімі Сандуғаш Күлекеш марапатталса, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы  №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ағерке Байжиенова мен Жаңақала ауданының орталығындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Саид Әлиев ие болды. Сондай-ақ жиында бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына түрлі аталымдар табысталды. «Табысты менеджер» аталымы Орал шаһарындағы №42 «Ақниет» гимназиясының директоры Ерік Темірғалиевке, Ақжайық ауданының О.Исаев атындағы мектеп директоры Нұрлан Есболатовқа, Қазталов ауданының Қараөзен мектеп-лицейінің директоры Мәншүк Жексеноваға, Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев атындағы Шилі мектебінің директоры Гүлнар Бисенғалиеваға және Қаратөбе аудандық Қаратөбе колледжінің директоры Мәулен Салахаденге табысталды. Ал директорлардың орынбасарларына арналған «Даралықты дәріптеуші» аталымы Гүлбарам Ахметқалиеваға (Сырым ауданы), Марина Чевеловаға (Бәйтерек ауданы), Зайдагүл Оразбековаға (Бөрлі ауданы), Жайнагүл Жұмабаеваға (Қаратөбе), Жалғас Жоламановқа (Сырым ауданы) бұйырды. Әулеттің жалпы педагогикалық еңбек өтілі 187 жыл құрайтын жаңақалалық Саркеновтар жанұясы «Ұстаздар ұстаханасы» аталымына ие болды. Бұдан өзге бастауыш сынып мұғалімдері «Зерделі ұстаз» аталымымен, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері «Бала бағбаны», әдістемелік кабинет меңгерушілері «Ізгі істі ілгерілетуші», аталымымен марапатталды.

                                                                            Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

IMG-20191004-WA0127-800x533 IMG-20191004-WA0130-800x533 IMG-20191004-WA0128-800x533 IMG-20191004-WA0131-800x533 IMG-20191004-WA0135-800x533 IMG-20191004-WA0134-800x533 IMG-20191004-WA0133-800x533 IMG-20191004-WA0132-800x533

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале