БҚО Бөкей ордасы ауданы прокуратурасы талдау жүргізу барысында білім беру бөлімінде мемлекеттік сатып алудың талаптарының бұзу фактісі анықтады.
2019 жылдың ақпан айында А. есімді жеке кәсіпкер Сайхин ауылында орналасқан жатақхана ғимаратына жөндеу жұмыстары (есіктерді, еденді ауыстыру, бөлмелерді қайта жоспарлау, кіреберіс бөлмені салу және басқа жұмыстар) жүргізген.
Ал жұмысты сатып алу туралы шарт 2 ай өткеннен кейін ғана жасалып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының талаптары бұзылған.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабында көрсетілген жатақхана ғимаратының жөндеу жұмыстарына қажетті жобалық-сметалық құжаттамасы жасалмаған.
Прокуратураның ұсынуымен аудандық білім бөлімінің басшысының м.а. С. шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке тұлғаға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету арқылы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды(«ҚР-ның мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабының 1-бөлігінің 4-тармақшасы).
БҚО прокуратурасы