18.10.2019, 12:52
Оқылды: 61

БҚО-да сот төрағалары тұңғыш рет «Ашық есік» күнін өткізді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында сот құрылымдарының төрағалары тұңғыш рет «Ашық есік» күнін өткізді.

sot (10)

2019 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға ақпарат берілді. «Ашық есік» күніне Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, қалалық соттың төрағалары мен судьялары, соттар әкімшісінің басшылығы мен бөлім басшылары келді.

 – Қазіргі кезде сот саласында жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесін беруде. Судьялардың жүктемесін азайтуға бағытталған заңнамалық актілер қабылданды. Халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету ету мақсатында «Ашық есік» күнін өткізіп отырмыз. Орал қаласындағы төрт сот төрағасы тұрғындардың сауалына жауап береді. Азаматтық қоғам өкілдері белсенді болса, «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы аясында қоғамдық қабылдау өткізуге даярмыз. Судьялардың халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді, - деді шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Б.Әметов.

sot (13)

 Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің нәтижелері туралы Орал қалалық сотының төрағасының міндетін атқарушы Варвара Дмитриенко және қалалық №2 соттың төрағасы А.Боранбаев, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Сисенғали және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.Сматов сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері мен көрсеткіштеріне назар аудара отырып, статистикалық мәліметтерді келтірді. Сонымен қатар олар сот ісін жүргізудегі әуре-сарсаңға жол бермеуге, істерді жедел қарауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін заң аясында сот арқылы қорғау аясын кеңейтуге бағытталған жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұйымдастыру шаралары қабылданғанын атап өтті.

sot (4)

 «Ашық есік» күнінде тұрғындар қойған сұрақтардың дені азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы жайында болды. Кейбірі сот актілерімен келіспейітін ашық айтты. Оларға іс жүргізу тәртібі туралы заң нормалары түсіндірілді. Әрбір қойылған сұраққа алқа төрағалары толық жауап айтты.

Нұртай Алтайұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале