БҚО прокуратурасында ұлы ақын, философ, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды.
Үш кезеңнен тұратын сайысқа қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа айтып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, қара сөздеріне түсіндірді.
Конкурс нәтижесінде І орынды Бәйтерек ауданы прокуратурасының прокуроры Әділет Әбу, ІІ орынды Теректі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дулат Тағаев және ІІІ орынды Бәйтерек ауданы прокуратурасының прокуроры ӘділханДүйсебаев иеленді.
Барлық қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.
БҚО прокуратурасының
баспасөз қызметі