4.02.2020, 17:54
Оқылды: 111

Жәнібек ауданында 12 дана киік мүйізін алып келе жатқан салт аттылы ұсталды

Бұл жайлы «Охотзоопром» ӨБ РМКК-ның ресми парақшасы хабарлады. 

Кеше, яғни 3 ақпан күні сағат 00:05 шамасында БӨФ Орал және Бөкейорда ТП инспекторлары Жәнібек ауданының аумағында қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылына қарасты Құрсай елді мекені территориясында түн ішінде суыт жүрген салт аттылыны тоқтатады.

-Оның «Nike» жазуы бар спорттық қызыл-қара түсті сөмкесінен 12 дана киіктің кесілген мүйізін тапты. Оқиға орнына Жәнібек АПБ ЖТҚ шақырылды. БҚО Жәнібек аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалды,- деп хабарлады «Охотзоопром».

boken

Ал 30 қаңтар күні «Охотзоопром "ӨБ"РМҚК Батыс аймақтық филиалының инспекторлары мен Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейдтік іс-шара жүргізу барысында Жаңақала ауданының аумағында 50-ге жуық атылған, мүйіздері кесілген киіктің ұшасын тапты. Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале