26.02.2020, 12:51
Оқылды: 38

Оралда орыс мәдени орталығының кеші өтті

Орал қаласындағы Достық үйінде орыс мәдениеті орталығы Қазақстан халқы Ассаблеясының 25 жылдығына арналған мәдени-сазды кеш ұйымдастырды. 

assambleya (2)

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» комуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрындық болуымен іске асырылған кеш басында ұлттық киімдерін киіп, кеш қонақтарын қарсы алған мәдени орталық қызметкерлері ұлттық тағамдарынан ауыз тигізіп, дәстүрлерімен таныстырды.

assambleya (3)

Шараға арнайы келген БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов:

– Ғасырлар бойы көршілес ғұмыр кешіп келе жатқан қазақ пен орыс халықтарының достығы мәңгілік. Орыс мәдени орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күннен бері жұмыстанып келеді.  Еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті сақтауға бұл орталық та да өзінің үлесін қосуда, – деп халықтар достығын нығайтуда талмай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға  облыс әкімі Ғали Есқалиевің алғыс хатын табыс етті.

assambleya (4)

Тамаша концертке ұласқан кеш барысында мәдени орталық төрағасы Сергей Погодин 25 жылда атқарылған жұмыстары туралы баяндаса,  қаламыздағы РФ бас консулдығының вице-консулы Владимир Волков екі ел арасындағы достықты нығайтуға үлес қосып жүрген жандарды марапаттады.

Түгелбай БИСЕН,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале