12.03.2020, 16:51
Оқылды: 78

«Ашық есік күнінен» құқықтық көмек алды

   Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті. Шара аясында азаматтарды Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков пен Орал қаласының прокуроры Мейірбек Тілеулиев қабылдады.

Ashyk esik 3

Тұрғындармен тікелей диалог орнату, оларға құқықтық көмек көрсету және көкейкесті мәселелерін шешу мақсатында ұйымдастырылған жиынға 40-тан астам адам келіп, арыз-шағымын жеткізді.

Ashyk esik 2

Айта кетсек, сотқа дейінгі тергеу бойынша – алты, алимент өндіру төңірегінде – төрт, абаттандыру аясында – үш, тұрғын-үй бойынша– сегіз, жер заңнамалары бойынша – жеті, басқа да көкейкесті сауалдармен 10-нан астам тұрғын жүгінген еді.  Орталықта азаматтар құқықтық және басқа да мәселелер бойынша консультативтік кеңесті тегін және жедел алып, қажет болған жағдайда сала мамандары шағымды сауатты жазуға жәрдемдесті.

                                                                                         Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале