19.03.2020, 17:35
Оқылды: 51

БҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтыру тіркелген жоқ

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті WhatsApp желісінде тараған БҚО Жаңақала ауданында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелді деген ақпараттың негізсіз екенін хабарлайды.

fake-news
18 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан келген студенттің қызуы көтеріліп, тамағы қыбырлап, мазасыз күйде болған. Қазіргі таңда оның қызуы түсті, жағдайы қалыпты, дәрігерлердің бақылауында.
Облыс аумағында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы  тіркелмегенін хабарлаймыз. Сондай-ақ жалған ақпарат таратушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз. Азаматтардан шындыққа жанаспайтын, негізсіз ақпараттың бәрін тарата бермеуді және ресми мәлімдеме, хабарламаларға ғана сенуді сұраймыз. Әлемдегі және ҚР-дағы коронавирус инфекциясының таралу жағдайы туралы сенімді ақпараттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің ресми сайттарынан, тәулік бойы жұмыс жасап тұрған Call-орталықтың 1406 нөмірі бойынша және аталған ведостволардың әлеуметтік желілердегі арнайы парақшаларынан оқи аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале