26.03.2020, 16:11
Оқылды: 63

Бөрлілік еріктілер медициналық бетперде тігуде

 "Ауру айтып келмейді" демекші, дүние жүзін дүрліктірген індеттің халықты әуре-сарсаңға салғаны баршаңызға белгілі. Жұқпалы дерттен қорғанатын бетперденің өзі дәріханаларда жоқтың қасы.

E6CEB3DE-5751-4D7D-9ED3-D4EDBFD8A1A8

Бетперденің жоқтығы Ақсай қаласында да сезіліп тұр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей «Volunteers aksay» орталығының волонтерлары халыққа бетперде тігу және тегін тарату жұмыстарын бастап кетті.

Алдағы уақытта халық көп жиналатын қоғамдық орындарда 1000 дана бетперде тарату жоспарлануда.

F5B918ED-33EF-4445-ACB0-9EE1F8B86453

- Бізге бір ерікті апай өзінің үйін берді. Сонымен қатар қорғалатын бетпердені тігуде де қол ұшын созып отыр. Өзіміздің қалтамыздан қаражат шығарып, қажетті материалдарды сатып аламыз.

Бетперделерді қоғамдық орындарға шығып, тұрғындарға тегін тарататын боламыз,- дейді «Volunteers aksay» орталығының жетекшісі Руслан Азаматов.

B2E9CA66-5801-4D38-A59B-9278A3F4DEE2

Бұл бастаманы Кеңтүбек, Пугачев, Қарағанды, Бумакөл ауылдық округтерінің волонтерлары да қолдап, ауыл тұрғындарына арнап бетперде тігіп, қажет адамдарға тегін таратуды қолға алды.

 Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале