Бүгін аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің ұжымы әлемді дағдартқан індетке қарсы тұру шараларына өз үлесін қосты.
Аудандық газет редакторы Әділет Орынбасаров Федоров ауылдық округі әкімі Әсет Әубәкіровтің қолына көп рет қолдануға болатын 40 бетперде табыс етті.
Тегін, халыққа көмек ретінде берілген бетперделерді ауылдық округ әкімі Әсет Сәбитұлы көпбалалы, әлеуметтік әлжуаз отбасыларға, қарияларға өзіміз таратып береміз деп отыр.
Қиындықты бірге жеңіп үйренген халық бұл дерттң де бір-біріне қолұшын бере жүріп жеңері сөсіз. Біз біргеміз!
Камелия Өтеу
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер