28.03.2020, 14:58
Оқылды: 50

Тұрғындар қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалуда

30 наурыздан бастап облыста жолаушылар тасымалының қызметіне шектеу қойылды. Емделуге бара жатқан тұлғалардан басқа  ресми емес, яғни тіркелмеген жеке тасымалдаушыларға облыс орталығы мен аудандар арасында  жолаушылар тасымалдауға тыйым салынды.

263DC0C5-7D30-4CA2-871F-814F2487AD90

Енді емделуге бара жатқандардан басқа батысқазақстандықтарға барлық көлік түрлерімен  Ресей Федерациясының аумағына шығуға  болмайды. Басқа өңір тұрғындарына облыс аумағына кіруге тыйым салынды. Бұл  шектеулер облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың  «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 28 наурыздағы  № 3-ПГВрқаулысымен белгіленді.  Қазір облыстағы карантиндік стационарда 53 адам медициналық бақылауға алынған.  Олардан қауіпті кесел анықталған жоқ.  

Қаулыға сәйкес, ресми  тіркелген жеке тасымалдаушыларға аудандар арасында және Атырау мен Ақтөбе облыстарының бағытында жолаушылар тасымалдауға болмайды. Облыс тұрғындары  Атырау мен Ақтөбе облыстарына  тек автобус қатынастары арқылы  және емделу үшін ғана бара алады.  Ал Ресей Федерациясына шығатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметкерлері,  транзиттік жүк автокөлігі, сондай-ақ облыс қажеттілігі үшін азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бар жүк автокөліктері дезинфекциялық режимді және жеке гигиенаны қатаң сақтаулары тиіс.

Облыстың бас мемлекеттік санитарының қаулысы бойынша мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың қызметіне қатысты 28 наурыз күні сағат 12-ден бастап шектеулер белгіленді.

Кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, фитнес орталықтардың, тренажер залдарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының, компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің, санаториялық-курорттық объектілердің, кальяндардың, азық-түлік емес сауда базарларының, оның ішінде мал, киім-кешек, автокөлік, құрылыс заттары базарлары, аумағы 2000 ш.м. және одан да көп болатын ірі сауда үйлерінің, орталықтардың, сауда-ойын-сауық орталықтарының (оларда орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізу жөніндегі объектілерді қоспағанда), бильярд, ойын залдары, боулинг-орталықтары, букмекерлік конторлар, лото, футбол алаңдары, саябақтар, той салондары және кез келген басқа да ойын-сауық объектілерінің қызметі уақытша тоқтатылады.

Аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінің, яғни  сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер,  дүкендер және басқа да бөлшек сауда объектілердің жұмысына сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеу қойылды. Қоғамдық тамақтану объектілері саналатын  кафе-мейрамханалар, барлар, асханалардың да  жұмыс уақыты сағат сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі. Олар сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін тамақты үйге жеткізуді немесе үйге алып кетуді ұйымдастырулары қажет. Алайда  келушілердің санын 50 адамнан асырмағандары жөн.  

Адамдар көп жиналатын және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіледі. Оларда ыстық және суық су жүйелері қосылып,   қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнатылу қажет. Әрбір 3 сағат сайын нысандағы заттар арнайы дезинфекциялық құралдармен өңделеді. Тұтынушыларға әр 3 сағат сайын ауыстырылатын бетперде және екі реттен кем емес ауыстырылатын бір реттік қолғап киіп қызмет көрсету керек. Жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, тұмаурату) бар қызметкерлерді жұмысқа жіберілмейді.

Қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктер әр рейстен кейін, қоғамдық көлік аялдамалары мен тротуарлар, саябақтар, скверлер, алаңдар және басқалар тәулігіне бір рет дезинфекциялану керек. Қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар маска және қолғап киюлері қажет.

Облыста коронавирус жұқпасына (КВЖ) күдігі бар науқастарды, КВЖ бойынша байланыста болған адамдарды, сондай-ақ КВЖ бойынша қолайсыз елдерден келгендерді емдеуге жатқызу (инфекциялық, провизорлық және карантиндік) орындары күзетіледі. КВЖ ауырған адамдармен байланыста болғандарды іздестіру және карантинге орналастыру жөнінде шаралар қабылданады. Денсаулық сақтау  орындарында жоспарлы медициналық қызметтер көрсету, яғни  жоспарлы емдеуге жатқызу, профилактикалық тексерулер, скринингтер, оңалту шаралары шектеледі. КВЖ бар пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтылу керек. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталуы шарт.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айтып өткендей, Шыңғырлау мен Ақжайық аудандарындағы санитарлық блок бекеттерінде және Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпелерде санитарлық-карантиндік бақылау жұмысы күшейтіледі. «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы», Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы КВЖ-ға күдігі бар науқастарды және олармен байланыста болған науқастарға зертханалық тексеру жүргізеді.  

Ясипа Рабаева

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале