Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылының тұрғыны Әлия Атшыбаева елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде қол қусырып отыра алмады.
Ісмерлігімен ағайын арасында танымал жан әлемді жайлаған коронавирус індетінің алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындарға арнап бетперде тіге бастады.
- Біз, аналар қауымы, ел басына қиын кезең туған сәтте бірге болуымыз қажет. Бізді өткінші қиындықтардан бірлік қана құтқарады. Осындай өтпелі кезеңде айналама қолұшын созуды басты парыз санадым.
Өзім көпбалалы анамын әрі жұмыссызбын. Үйімде тігін мәшинесі бар. Сол себепті елдегі орын алған жағдайға байланысты бетперде тіге бастадым. Бағасы 100 теңге тұрады. Тапсырыс берушілер көп. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жақсылықта қауышайық! - дейді ісмер Әлия.
Ертай Бимұханов
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер