31.03.2020, 2:59
Оқылды: 73

БҚО аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы қаулының толық мәтіні

MG_9315

«Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

Батыс Қазақстан облысының

тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ                   

 

ҚАУЛЫ                               

 

30 наурыз 2020 жыл_№ 5-ПГВр__

Орал  қаласы

 

Батыс Қазақстан облысының аумағында

коронавирустық инфекцияның (COVID-2019)

таралуына жол бермеу жөніндегі

шараларды күшейту туралы

 

 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасының, 150-бабының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 наурыздағы №60-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 наурыздағы №182 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығының қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №169 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысының (бұдан әрі-Қаулы), Батыс Қазақстан облысы бойынша жедел штаб отырысының 2020 жылғы 29 наурыздағы хаттамалық шешімінің негізінде, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі-БҚО) халқы арасында коронавирустық жұқпамен (бұдан әрі - КВЖ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысы аумағында төтенше жағдай кезеңінде ағымдағы жылдың 31 наурызы күнгі сағат 00.00-ден бастап келесідей шаралар енгізілсін:

1.1. Батыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізу;

1.2.   Батыс Қазақстан облысы аудандарының/Орал қаласының елді мекендерінің аумағында тоқтаусыз кез келген қатынас жолдарының транзиттік тасымалдарын жүзеге асыру;

1.3. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының/аудандарының елді мекендерінен көлік құралдарының кіруіне/шығуына тыйым салу, төмендегілерді қоспағанда:

- бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендерінен шыққан Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендерінің тұрғындары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендеріне қайтқан кезде;

-  бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендеріне кірген басқа өңірлердің тұрғындары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандары елді мекендерінен шыққан кезде;

- бұрын Қазақстан Республикасы аумағына кірген шетел азаматтары елімізден шыққан кезде, сондай-ақ одан әрі елімізден шығу мақсатында әуе көлігімен кіргендер;

- бұрын шет мемлекеттің аумағына кеткен БҚО азаматтары БҚО-ға қайтқан кезде;

- Батыс Қазақстан облысының аумағынан тыс жерлерге емделуге кеткен БҚО азаматтары, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының рұқсатын ұсынған кезде;

- еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметі персоналдары мен олардың отбасыларының мүшелері, сондай-ақ шет мемлекеттер делегацияларының мүшелері мен олардың отбасылары,  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға бағыт алған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;

- пойыз және локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын тұлғалар, әуе, теңіз кемелерінің экипаждары, халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүк автокөліктерінің жүргізушілері;

-  БҚО азаматтары отбасыларының мүшелері болып табылатын шетелдіктер (туысқандық байланыстарын растаған жағдайда – (ері (зайыбы), олардың ата-аналары, балалары);

-  қала маңындағы аймақтарда тұратын және Орал қаласы/ауданда жұмыс істейтін тұрғындар, сондай-ақ Орал қаласы/ауданда тұратын, бірақ өңірлерде жұмыс істейтін тұрғындар (кіру/шығу – Орал қаласының/ауданның коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – ЖТ) басшысының шешімі бойынша және оның дербес жауаптылығымен);

-  жүк тасымалдарын жүзеге асыратын тұлғалар мен автокөлік құралдары;

- Орал қаласының/ауданның жұмыс тобымен жеке тәртіпте қаралатын өзге де ерекше жағдайлар;

- отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (ата-аналары (ата/анасы), балалары, асырап алушылар, толық және толық емес туысқандық қатынастағы ағалары, апалары, аталары, әжелері, немерелері) жерлеуге бара жатқан адамдар, растайтын құжаттары болған кезде, сондай-ақ отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мүрдесін (денесін) жерлеу орнына апару үшін ілесіп жүрген адамдар.

1.4. Өте қажетті болмаса, ауыл/кент/қала бойынша адамдар мен жеке көліктің қозғалысына тыйым салу;

Келесідей жағдайларды қоспағанда, ауыл/кент/қала бойынша қозғалысқа тыйым салынады:

- қызметі Жедел Штабпен бекітілген салалар тізіміне енгізілген ұйымдар үшін жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда, тұратын жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай қозғалуға.

Ескерту: жұмыс орнынан анықтама ресми бланкіде болуы және ұйымның атауы, БИН, Т.А.Ә., кейін аудит жүргізу үшін жұмыс берушінің (ұйым басшысының),  кадрлар бөлімі қызметкерінің байланыс телефондары көрсетілуі тиіс. 

- азық-түлік тауарларын тіркеу (уақытша тіркеуді қоса) мәліметтеріне сәйкес тұратын жерінен  кемінде 2 км қашықтықтағы дүкендерден сатып алу;

- дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу (уақытша тіркеуді қоса) мәліметтеріне сәйкес тұратын жерінен  кемінде 2 км қашықтықтағы дәріханалардан сатып алу;

- үй жануарларын тіркеу (уақытшаны қоса) мәліметтеріне сәйкес, тұратын жерінен кемінде 500 метр қашықтықта серуендету, кемінде 30 минут;

- медициналық мекемелерге шұғыл жағдайларда ғана бару;

- үйден болжанбаған ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда ғана шығу.

Ескерту: тұрғылықты жерден қашықтықты бақылау онлайн карталардың (2GIS, Yandex карты, Googlemaps) қызметтері арқылы жүзеге асырылатын болады. 

- туысқандарға, таныстарға, көршілерге, әріптестерге және т.б. баруға тыйым салынады;

- қоғамдық орындарда, бір отбасының адамдарын қоспағанда, үштен артық адамның жиналуына тыйым салынады;

- жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін кәмелетке толмағандардың үлкендердің ілесуінсіз қала бойынша қозғалуына тыйым салынады.

1.5. Ауыл/кент/қаланың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдарды қоспағанда (осы қаулының №1 қосымшасында көрсетілген), барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтату:

Рұқсат етілген қызмет түрлері тізіміне енгізілмеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары күшейтілген карантин уақытына қалыпты жұмыс режимін тоқтатуы және өз қызметін қашықтықтан, соның ішінде онлайн режимінде жалғастыруы тиіс.

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін жартылай стационарлық түрдегі ұйымдардың жұмыс істеуіне тыйым салынсын.

Егер мекеменің қызметі жоғарыда атап көрсетілмесе, бірақ бұл ұйымның басшысы мекеме қызметі халық үшін және қаланың тіршілігі үшін маңызды  деп санайтын болса немесе қызмет ерекшелігіне қарай тоқтату мүмкін емес болса, алдын ала төмендегі телефондар арқылы хабарласып, негіздемелерін көрсете отырып,  жазбаша сұрау ұсынуы қажет:

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 109, +77000109109 (Whatsapp);

Орал қаласы бойынша -  500255;

аудандар бойынша – аудандардың жұмыс топтары белгіленген телефондар бойынша.

  • Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін өзгерту;

Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеу режимі аясында жұмыс істейтін болады.

Қоғамдық көліктер отыратын орындардың кемінде 40% толығуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көліктерге жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар) ғана рұқсат етіледі.

Жеңіл көлік (такси) кемінде 3 адаммен толығуы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен және антисептиктермен қамтамасыз етілуі қажет.

  • Ауыл/кент/қаланың белгіленген ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерін ерекше режимге ауыстыру;

Қажет болған жағдайда күшейтілген карантин режимі осы қаулының «Батыс Қазақстан облысының өткізу жүйесі жөніндегі жадынама» №2 қосымшасына сәйкес блок-бекеттер арқылы өткізуге рұқсат етілген сала қызметкерлері үшін ауыл/ кент/ қалаға кіруді және шығуды шектеуді және осы қызметкерлерді арнайы бөлінген қонақ үйлерде, жатақханаларда, санаторийлерде және басқа да орналастыру орындарында ерекше режимде орналастыруды қарастырады.

Ерекше режимге орналастыру туралы ақпаратты қызметкерлерге олардың басшылары (жұмыс берушілер) жеткізеді.

Медициналық мекемелерінің, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі- БҚО ТКҚСҚБД) және оның аумақтық басқармаларының, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – БҚО ТЖД) және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін көліктер әзірленуі қажет.

БҚО аудандары мен Орал қаласының әкімдері барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, оларды орналасқан жерлерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай тасымалдау мақсатында көліктердің жүру маршруттары әзірленуі қажет.

 

 

  • БҚО аудандары елді мекендерін, Орал және Ақсай қалаларын ауқымды ағымдағы дезинфекциялауды жүзеге асыру.

Ағымдағы дезинфекциялау келесідей аумақтарды тазалауды/тазалау жиілігін қарастырады:

  • карантинде ұсталатын емдеу мекемелері – аптасына 2 рет, сейсенбі және сенбі күндері;
  • азық-түлік базарлары – күн сайын;
  • тротуарлар, аялдама кешендері, алаңдар, саябақтар, гүлзарлар, контейнер алаңдары – күн сайын;
  • мемлекеттік мекемелер мен жұмысы тоқтатылмаған өзге де ұйымдардың ғимараттары – аптасына бір рет;
  • тұрғын үй кварталдарының аула аумақтары мен тұрғын үй кіреберістері – Орал қаласы/аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімдерінің басқаруымен және кесте бойынша.

Ағымдағы дезинфекциялау арнайы Дезотрядтармен жүргізіледі, процедура барлық тартылған қызметтермен келісілген (ТҚҚСБД, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері).

Денсаулыққа зиян келтірмеу үшін дезинфекция жүргізу кезінде көшеге 5 сағатқа дейін шықпау ұсынылады.

Халықпен алдын ала байланыс орнатуды (БАҚ, әлеуметтік медиа, баннерлер, кіреберістерге үнпарақтар) қала/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен, ауылдық, кенттік округтер, қала және аудан әкімдері аппараттарымен жүзеге асырылады.

Карантиннің ұзақтығы COVID-19 вирусының инкубациялық кезеңіне  (инкубациялық кезең 14 күнді құрайды) қарай соңғы науқасты оқшаулау және жұқтыру ошағында дезинфекциялық шараларды аяқтау сәтінен бастап белгіленеді.

  1. БҚО полиция департаменті:

1)   жоғарыда аталған талаптарды бұзушылық немесе орындамау анықталған кезде ҚР қолданыстағы заңнамасы және өз құзыреті аясында дереу шаралар қабылдасын;

2)   азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, гүлзарларда болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулердің сақталуы бойынша патрульдеу ұйымдастырсын;

3)   карантиндік аймақты толықтай қоршауды қамтамасыз етсін, қалаға жаяу кіру мүмкіндігінің жолын кессін;

4)   аса қатаң санкцияларға көшсін, сондай-ақ алдын алу мақсатында мұндай фактілерді БАҚ-тарда кеңінен жарықтандырсын;

5)   қоғамдық кеңістіктерді патрульдеу, оларды бейнеқадағалаумен жарықтандыру және жарақтандыру бойынша шараларды күшейтсін;

6)   қажет болған жағдайда басқа бағыттардағы күштерді қайта бөлу арқылы, полицияның барлық құрамын жұмылдырсын;

7)   төтенше жағдай кезеңінде сот төрелігін іске асыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес бойынша алгоритм әзірлесін;

8)   сыбыстар мен арандату ақпараттарының жолын кесу жұмыстарын ерекше бақылауға алсын. Мұндай деректерді таратуға кез келген ұмтылушылықтың қатаң жолы кесілуі тиіс, авторларды анықтап, жазалау қажет.

  1. БҚО денсаулық сақтау басқармасы:

1)   созылмалы аурулары бар науқастардың бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға келуін шектесін, оларды үйде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын. Аталған ұйымдардың тек өткір аурулары бар науқастар үшін жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2)   пандемия дамуының әртүрлі нұсқаларына (соның ішінде ең пессимистік) қарай дәрілік құралдармен қамтамасыз етілу жағдайын зерделесін.

  1. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен, сондай-ақ Орал қаласы мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып дереу:

1)   бір тәулік ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілер, сауда нысандары, коммуналдық қызметтер және өзге де ұйымдар басшыларымен карантин аймағына кіруге және одан шығуға шектеуді күшейту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. Карантин аймағынан тыс жерлерде тұратын қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін алдын ала пысықтасын;

2)   кезектер бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастырсын және азық-түлік бөлімдеріне кіреберістерде кезекке тұру кезінде арақашықтықты сақтау туралы ақпараттық табло орнатсын;

3)   «Жол таңбаларын» орнатуды қамтамасыз етсін – қаладағы дүкендерде, супермаркеттерде, сауда үйлерінде барлық кассалар алдында 2 метр сайын қозғалыс белдеулері мен арақашықтық желілерін орнату;

4)   барлық автобустарда қолдарын антисептикалық құралдармен тазалау және жеке қорғаныш құралдарын тағу қажеттігі туралы хабарлауды ұйымдастырсын.

  1. Ішкі саясат басқармасы Орал қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесе:

1)   БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды қосымша қабылданған шектеулер шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асырсын;

2)   тұрғындар үшін қосымша қабылданған карантиндік шектеу шаралары туралы жаднама, соның ішінде барлық қажетті шұғыл және авариялық қызметтердің байланыс телефондарын көрсете отырып, азаматтар үшін сақтық шараларын алу, төтенше жағдай кезеңінде көшеде жүру ережелері туралы нұсқаулық әзірлесін;

3)   жағдайдың өзгеруін және ауырған науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз етсін.

  1. БҚО төтенше жағдай департаменті Орал қаласы және аудан әкімдерімен бірлесе халықты қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында қалалық құлақтандыру жүйесін, сондай-ақ дауыс зорайтқыш арқылы дикторлардың дауыстап хабарландыру жүйесін іске қоссын.
  2. Орал қаласы мен аудандардың барлық аумақтық мемлекеттік органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары, заңды тұлғалары (меншік нысанына қарамастан):

1)   жұмыс күнін 2 (екі) сағатқа қысқартсын;

2)   төмендегідей сақтық шараларын қабылдай отырып, өз қызметкерлерінің, клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін:

  • қызметкерлерге қолғаптар мен бір реттік маскалар тарату;
  • орынжайды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау және дезинфекциялау;
  • дүкендерге, дәріханаларға, медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдарға кіретін және шығатын жерлерде санитайзерлер орнату;
  • орынжай ішінде адамдар санын шектеуді қатаң сақтау – 20 шаршы метр жерде 1 адамнан аспауы тиіс;
  • азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға кемінде 2 адамның бір мезгілде кіруі;
  • орынжайдың ішінде және сыртында адамдар арасында кемінде 2 метр қашықтықтың сақталуын бақылау;
  • орынжайдың ішіндегі және сыртындағы кезектерде 5 адамға дейін болу шектеуінің сақталуын бақылау;
  • орынжайларға жеке қорғаныш құралдарынсыз (медициналық маскасыз) кіруге тыйым салу.
  1. «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №3-ПГВр қаулысының және «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы»Батыс Қазақстан облысының Басмемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №3-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы №4-ПГВр қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мен аудандары әкімдеріне жүктелсін.

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері                                 М.Арыспаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале