- 2020 жылдың 31 наурыз сағат 00.00 ден бастап БҚО бойынша карантин енгізілуіне байланысты Қаратөбе ауданының елді мекендеріне кіруге, елді мекендерден шығуға тыйым салынды. Осыған орай, облыс орталығымен байланыстыратын тас жолдың бойындағы Қаратөбе ауданының шекарасына, Қоскөл, Ханкөл, Аққозы, Саралжын ауылдық округтерінің кіре берісіне блокпосттар қойылды. Ерекше жағдайларда ғана аудан тұрғындарының кіріп-шығуына арнайы рұқсат беріледі,- дейді Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев.
Блокпосттар біріншіден, тұрғындарға қауіптің алдын алу шараларын түсіндіру үшін, екіншіден, тұрғындардың денсаулығын тексеру үшін қойылды. Қашықтан жолаушының дене температурасы өлшенеді. Бұл шаралар тұрғындардың уақытын алғанмен де адам өмірінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара екенін түсінуі қажет.
Карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда дезинфекциялау жұмыстары атқарылуда.
Сондай-ақ аудан әкімдігі жанында Call-орталық тәулік бойы 8(71145)31212 телефон номері арқылы қоңыраулар қабылдап, барлық сұрақтарға жауап береді.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы