Елімізде коронавирус індеті таралуының алдын алу мақсатында облыстар мен қалалар арасындағы жолдар жабылып, көліктер мен жолаушылардың жүріп-тұруына шектеу қойылды. Ол үшін жолдарда арнайы блокпосттар жұмыс жасап тұр.
Осындай 3 блокпост Казталов ауданымен шекаралас Жәнібек, Тасқала, Ақжайық аудандарын жалғайтын күре жолдар бойына қойылды. Яғни аудан аумағына кіруге тыйым салынған. Ерекше жағдайда ғана кіріп шығуға рұқат берілуде.
Блокпосттарда полиция инспекторлары мен эпидемиолог мамандар Казталов ауданы аумағына кірген көліктерді тексеріп, тіркеуге алып жатыр. Блокпосттар біріншіден тұрғындарға қауіптің алдын алу шараларын түсіндіру үшін, екіншіден денсаулығын тексеру үшін қойылды. Қашықтан жолаушының дене температурасы өлшенеді. Бұл шаралар тұрғындардың уақытын алғанмен де адам өмірінің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара екенін түсінуі қажет.
Қайрат Жақып
Казталов ауданы
zhaikpress.kz