3.04.2020, 12:47
Оқылды: 42

«Самарадан келген студенттер бақылауда»

Бұл жайлы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Ахметжанов баяндады.

1E18A2E1-AC96-4393-9FC1-160A5EE929C1

Оның айтуынша, 30 наурыз күні Ресейдің Самара қаласынан 57 студент келген. ТЖ қызметкерлері келген студенттердің смартфондарына «Биостатус» мобильді қосымшасын орнатты. Осы қосымша карантин режимінің бұзылуы кезінде өзін-өзі оқшаулау орындарында ұсынымдар мен таратуларды қабылдай отырып мониторинг жасауға, жедел медициналық көмек көрсетуге жылдам мүмкіндік береді.

- Облыстың бас санитариялық дəрігерінің БҚО аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын күшейту жөніндегі қаулысы бойынша облыс аумағындағы алаңдарды, көшелер жəне автобус аялдамалары мен орындықтарды дезинфекциялау үшін департаменттен қызметкерлер бөлінді. 132 адам, 36 бірлік техника су өткізбейтін комбинезондар жəне аспалы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталды. Қазіргі таңда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Қала, облыс əкімдерінің қаулысымен бекітілген апта күндері біздің қызметкерлер əкімдікпен жəне өзге арнаулы органдармен бірлесе жұмыс жүргізуде.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру белгісі бар адамдарды емдеу орталығына жедел жеткізу үшін жоғары санаттағы техникалар даяр тұр. Орал қаласы бойынша вахталық бес бірлік автобус, Ақсай қаласында бір бірлік автобус дайын. Полиция департаментімен жəне жергілікті əкімдіктермен бірлесіп, облыс орталығында, қала аумағында коронавирус індеті жайында халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала ішінде дауыс ұлғайтқыш техникасымен тұрғындарға карантиндік режимді сақтау жөнінде ақпарат таратылуда. Елді мекендер мен аудан орталықтарында да осы жұмыстар күшінде. Департаментте коронавирус індетіне қарсы шаралар бойынша жедел штаб тəулік бойы жұмыс істейді. 55-40-90 нөмірі бойынша жедел желі ашылды. Халыққа жасалып жатқан шараларды сақтау жөнінде смс-хабарламалары да жолданып жатыр. Қала тұрғындарын үйде болуға, сақтық шараларын сақтауға шақырамын, - деді Ақылбек Ахметжанов.

Гүлмира Сәрсенғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале