Табиғат бүгін тосын сый тарту етті.
Теректі ауданының Ақжайық ауылында бүгін таңғы 8.00 шамасында қылаулап бастаған қар үдей келе жапалақтап жауды.
Содан сағат 10.00 шамасында ғана тоқтаған қардың қалыңдығы 2-3 см, қазір аппақ болып әлі жатыр.
Сәуірдің бел ортасында жауған қар ұзақ жатпасы анық. Тосын сыйға таң қалған ауыл адамдары бұдан бұрын да осылай сәуірде жауған қарды естеріне түсіріп, таныс-білістеріне «бізде қар жауды» деп хабарлап жатыр.
Камелия Өтеу
Теректі ауданы
zhaikpress.kz