7.04.2020, 10:06
Оқылды: 54

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы жарияланды

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының
    (бұдан әрі –Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленген.
  3. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.
  4. Конкурс төрт номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телебағдарлама»;

3) «Үздік радиобағдарлама»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

4.Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.

5.Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.

 

  1. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
  2. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
  3. Конкурсқа қатысу үшін Конкурс Қағидасының 3-тармағында көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша өтініш жазбаша түрде Басқармаға 2020 жылғы 20 мамырға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2) 2019 жылғы 11 маусым мен 2020 жылғы 20 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;

8.Конкурс Қағидасының 7-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

9.Басқармаға  ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.

 

  1. Қорытынды ережелер

10.Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды

анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдеріненкемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың төрт номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

11.Конкурс жеңімпаздарыарнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

        Анықтама үшін мекенжайымыз: Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116-үй, 138-кабинет. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы.

Байланыс телефондары: 8 (7112) 50-64-26, факс: 51-54-47, эл.пошта: [email protected], 87028305874, 87781887429.

 

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»

облыстық конкурсын өткізу

қағидаларына қосымша

 

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық

конкурсына қатысу үшін

ӨТІНІМ

  1. Т.А.Ә. _______________________________________________________

 

  1. Жасы ________________________________________________________

 

  1. Білімі_________________________________________________________

 

  1. Жұмыс орны __________________________________________________

 

  1. Мекенжайы___________________________________________________

 

  1. Байланыс телефондары_________________________________________

 

  1. Мақала, бағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:

1)  ______________________________________________________________

2)  ______________________________________________________________

 
  1. Қосымша ақпарат______________________________________________

 

Қолы

 

Күні

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале