28.08.2016, 21:40
Оқылды: 33

Оралдықтар Екатерина Ларионованы Орал xалықаралық әуежайынан күтіп алып құрмет көрсетті

karslap aldi    Бүгін Ақ Жайық жұртшылығы әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері Екатерина Ларионованы «Орал» халықаралық әуежайынан күтіп алып, құрмет көрсетті.


  Оралға Е.Ларионовамен бірге Олимпиадаға қатысқан басқа да спортшылар, атап айтқанда, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ескекшілер Алексей Дергунов пен Андрей Ергучев, спорттық жүрістен сынға түскен Григорий Шейко мен Полина Репина оралды.

  Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың үлкен табысқа қол жеткізгенін, соның ішінде жерлесіміз Данияр Елеусіновтің бокстан чемпион атанғанын айта келіп, қола жүлдені иеленген Екатерина Ларионованы жеңісімен құттықтады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале